Ойын-сауық

ҚОБЫЛАНДЫ БАРЛЫҒЫНА КІНӘЛІ

Бәрінізге Ассалаумалейкум
Екі жауырыны қақпақтай, екі білегі тоқпақтай, екі иығына екі адам мінетіндей еңсегей бойлы, қара күштің иесі, күллі қазақтың мақтанышы, аты аңызға айналған Қара Қыпшақ Қобыланды батыр жайлы сізге Білген Дұрыс!
1457-жылдың шіліңгір шілдесі. Ақжол би өлді. Әкесі Қотан жырау алты қанат ақ орданың ішін басына көтеріп, аңырап отыр.
-Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді құлыным,
Сексен асып, таянғанда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным?!
деп қобыздың үнімен қосылған жоқтау тыңдар құлақтың сай сүйегін сырқыратты. Бұл жоқтаудың сөздері көңіл айтып келіп отырған Керей мен Жәнібекке де ауыр тиді. Жалпы Ақжол бидің қазасы күллі қазақты тітір еткізді.
Басының мылжа-мылжасы шығып, ақ кебінге оранып жатқан Ақжол бидің өліміне тікелей Қобыланды кінәлі.
Оқиға былай болған еді: Арғынның биі Ақжол мен Қыпшақтың батыры Қобыланды көптен бері бір-біріне деген өшігіп алған-ды. Бұл істің бітімі тек олар үшін-өлім еді. Бұл екеуінің арасына шоқ тастаған атаңа нәлет Әбілқайыр хан. Ол қазақтың азулы Арғын мен Қыпшағын бітістіргісі келмеді. Біріккен жағдайда Керей мен Жәнібектің көшіне басшы мен қосшы боларына күмән келтірмеді. Осылайша ертеден бас батыры болған аңғал Қобыландыны Ақжол биге айдап салды. Ел сыртында Ақжолдың 1-2 нөкерімен ғана оңаша жүргенін пайдаланып, қолындағы шоқпарын тұп-тура басына сілтеген Қобыланды тіл тартқызбай өлтірді.
Ел іші азан-қазан. Ашуға булыққан Керей мен Жәнібек , Әбілқайыр ханнан Қобыландының басын сұрады. Бірақ, Әбілқайыр бермеді. Қобыланды батыр 5000 шаңырағымен көшуге мәжбүр болып, Тарбағатай өңіріне босып кетті.
Осылай ай мен жыл өтті. Аңғалдығы мен алкеуделігінен опық жеген Қобыланды атажұртынан ажырады.

1465-66-жылы Қазақ хандығы қазығы қағылып, шаңырағы көтерілді. 1469-жылы Әбілқайыр хан ауыр қолмен аттанып, жас мемлекетті жөргегінде түн шықтырғысы келді. Алайда, жол үстінде бір аптадай төсек тартып жатып қалған Әбілқайыр хан 60 жасқа таяп қалған шағында қайтыс болды. Бұл оқиғадан кейін елдің бірлігі бүтінделе бастады. Елдің елдігін, ерлігін жырлаған көшпенділердің абызы Асан қайғы ендігі уақытта Қобыландыны елге қайтару қамына кірісті.

Ақыр соңында Қобыланды батыр қалың Қыпшақ халқымен келіп Қотан жыраудың алдынан өтіп, күллі Арғыннан кешірім сұрады. Атасының құнын кешкен қазақ, өз баласын өзегінен теппей ел бірлігі үшін рақымшылық жасады. Арғын мен Қыпшақ қазаны бірге қайнап, кеудесі бөлек жаны бір жұртқа айналды.
Қобыланды батыр Жәнібек хан тұсында қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болды.
Ол Бақтияр бастаған өзбек әскерінің төбесінен жай түсірді. Қазақты шауып алмақ болып аттанған өзбектерді бірнеше рет тойтарып, халыққа төнген қара бұлтты сейілтті. Осындай жорықтардың бірінде Әбілқайырдың кіші баласы Шайх Хайдар бастаған арнайы жасақ кеңес құрып отырған Жәнібек ханның үстінен түспекші болды. 500 ге жуық таңдаулы баскесерлерімен аттанған Шайх Хайдардың алдынан Қобыланды батыр, Жәнібектің баласы Қамбар батыр, Бұрындық сұлтандар күтіп алды. Қайшылап келіп соқпақшы болған өзбек әскерінің тас талқанын шығарды. Сол кезеңдерде Қобыландының жасы елуден асып, алпыстарға таяп қалған тұсы еді. Қайратынан қайтпаған кәрі қырандай Қобыланды өзбек әскерін қынадай қырды. Бүйрегі бүлкілдеп, еті қызған алпамсадай батыр, бас сауғалай қашқан өзбектердің соңынан қуа жөнелді. Ақырында серіктерінен алыстап кеткен Қобыландыны жазым етпекші боп, арыстанға жабылған қаншықтардай тарпа бас салды. Дес бермеген қара күш иесіне шамасы жетпейтінін білген баскесерлер арқан-жіптерін лақтырып жерге ұрып жықты. Әбден әлсіреп дымы құрыған Қобыланды батырды найзамен түйреп өлтірмекші болғанда, Саян батыр бастаған қазақ әскерлері тұтқиылдан тиіп, қорғап қалған болатын.
1511 жылы Қасым хан таққа келді. 1516-1517 жылдары Қазақ хандығының әскері үш жүз мыңды құрады. Қобыланды батыр осынау алып күштің тұтқасы болды. Осы уақытта Әмір Темірдің шөбересі Бабыр патша Дели сұлтандығын жаулап алмақ үшін Қасым ханнан көмек сұрайды. Қасым хан өтінішін қайтарған жоқ. Өйткені өзбек басшысы Мұхаммед Шайбанидың күшейіп кету қауіпі тұр еді.
Үнді сахарасына Қобыланды бастаған 20 мың қазақ жауынгері аттанды. Қазақ жауынгерлерін үнділердің алып пілі, парсылардың қара бура түйелері күтіп алды. Бұндай мақұлықтарды қазақтар бірінші рет көрсе де сес берген жоқ. Қайта қазақты көрген мақұлықтар иелеріне бағынбай үрке қашты.
Қобыланды құбыжық! Қобыланды алпамса! Қапсағай денелі Қобыланды! деген қорқынышты ұрандар қазақ жауынгерлерін алдыңғы шепке шығарды.
Азияның барысымыз деп жүрген үнділер, қазақтың көкжалдарының жемтігі болды. Қарабайыр қазақы жылқымен-ақ, үндінің мың қырық пілін жапырып өтті. Қобыланды бастаған алдыңғы үш лек әскер үшкір найзаларын піл біткеннің бәріне жаңбырша жаудырды. Қара бура түйелеріне байланған зеңбіректерін атқанша, қазақтың ысқырық жебелері қарша борады. Үнді мен парсылардың арғы бабалары да біздің сақтардан осылай күйреген еді. Бабыр патша мұндай жылдамдықпен жеңіске жеткеніне таңданысын білдіріп, айтарға ауыз таппады.
Толығырақ Видеода...

Пікірлер 

  1. BILGEN DURYS

    BILGEN DURYS

    11 күн бұрын

    Арнаға қаржылай көмек KASPI GOLD 5169 4971 7661 3655 Qiwi КОШЕЛЕК +7 747 409 2531 Жарнама немесе серіктестік үшін vk.com/programs2017

    • Али Д.Енидже

      Али Д.Енидже

      6 күн бұрын

      I RAN e eśek seni śeśen oínastan tapkan, bir alqaśtan, mal qorqak, taptyn kimdi kínálaÿdí, mal. Batyr bolsan atyÿn men tegíndí zhazbadÿn ba?

    • I RAN

      I RAN

      6 күн бұрын

      Автор Шешең сені ойнастан таптыма не? Қобыланды мен Әбілхайырды жамандағанды қой. Шапырашты наурызбайдың құйтырқы істері туралы айт, сатқындығын айт.

    • Данияр Колдеев

      Данияр Колдеев

      6 күн бұрын

      Өтірікшісіңдер калай көмектесемиз каржылай еще акша сұрайсыңдар шығарсаңдар өздерің құлқындарың үшин шығарыңдар.

    • Али Д.Енидже

      Али Д.Енидже

      7 күн бұрын

      Мадара Учиха qotagymdÿ zhemeśi

    • Мадара Учиха

      Мадара Учиха

      7 күн бұрын

      @Али Д.Енидже сен кімсің сонда,бауырым ажалымыз келсе бәрімізде қайтыс боламыз.

  2. Канат Донесбай

    Канат Донесбай

    Сағат бұрын

    қобыланды кінәлі деген дұрыс емес бәрі жаман ойлап қалады

  3. Уалихан Ермурат

    Уалихан Ермурат

    5 сағат бұрын

    Автор сенде сол ШайбанШахтың ұрпағысының ғой, араға от салып отқан... Тұқымыңмен құрып кет бұлай араға от салғанша

  4. Бахытбек Сулейменов

    Бахытбек Сулейменов

    7 сағат бұрын

    Видионың тақырыбын өтірік жазбай дұрыстап жазсаңдарда көремізғой жала жаппай

  5. Насихат Тасыбекова

    Насихат Тасыбекова

    14 сағат бұрын

    Кобыланды мынауынды естисе саган не болатынын аитп жеткизе алмаим оны елестетудн ози сумдык

  6. mix kz

    mix kz

    19 сағат бұрын

    Қобыланды кінәлі дегенге зәрем ұштығой

  7. Бек Баймен

    Бек Баймен

    Күн бұрын

    Бурмаланган

  8. Бекзат Баймуханов

    Бекзат Баймуханов

    Күн бұрын

    Кыпшакпын. Ата бабамнын тарихын билейнш десем, буларда отирик жаза береди. Казак болсан Казактын тарихын ойтип куртпа. Тарихты шыгаруын дурыс. Бирак енбеги КАЗАКка синген АТАМДЫ нен бар кинали деп. мал буындырып тыстайтын адамсынго, аттен танымайм

  9. Aybalta Channel

    Aybalta Channel

    Күн бұрын

    Пи-дарастар екенсіндер Қобыланды бәріне кінәлі деп. Беттеріне айтайын оны.

  10. Dat tan

    Dat tan

    Күн бұрын

    Қоблданды ноғайлының батыры. Ертарғын, Ертөстік,батырлар да Ноғайлы батырлары.

  11. Izbassar Otebaly

    Izbassar Otebaly

    2 күн бұрын

    Оқыған жігіттің дауысы керемет анық, нық сөйлейді екен. Өзі түсініп оқығасын,тыңдаған адамғада түсінікті. Мардан деген өзбек барғо мырыңдап, не айтып отқанын өзі түсінбит, не бізге түсіре алмайт

  12. Birzhan Bigozhaev

    Birzhan Bigozhaev

    2 күн бұрын

    Кинали деп косякты айтат,это его косяк деген сиякты!Мунда кинасы емес,Жеткен жетистиги мен Еткен енбеги айтылды!

  13. Куан Орал

    Куан Орал

    2 күн бұрын

    Кобыланды не ушин кнали

  14. Назгуль Дюсембаева

    Назгуль Дюсембаева

    2 күн бұрын

    Әбілхайыр шаибани

  15. Назгуль Дюсембаева

    Назгуль Дюсембаева

    2 күн бұрын

    Шаибаншах деген сөз тарихта болмаған

  16. Назгуль Дюсембаева

    Назгуль Дюсембаева

    2 күн бұрын

    Кобыландыны көріп келгендеи Садаға кет

  17. nurzhau zhan

    nurzhau zhan

    2 күн бұрын

    Ассаламу алейку Білген дұрыс Адайлар тұралы шығаршы!

  18. Кенжебек Абдилла

    Кенжебек Абдилла

    3 күн бұрын

    "Қобыланды қазаққа жау" деген просмотр жинау үшін қойғаның алып таста

  19. Нұрдәулет Болатулы

    Нұрдәулет Болатулы

    3 күн бұрын

    кәзір еркектер Қыз сияқты мінезділер елімізде көбейіп бараатр Ал арғы заманда қаталдау боған

  20. Daniar Daniar

    Daniar Daniar

    3 күн бұрын

    Қазақта ол заманда жазу болмаған, тарихшы болмаған. Осындай әңгімелерді қайдан шыгарсандар, Индияны казактар жаулап алуға барды, қазақтарды көрген пілдер иелерине бағын бай қашып кетті дид 😂😂

  21. Улан Токеев

    Улан Токеев

    4 күн бұрын

    Райымбек батыр жайлы шығаршы

  22. Wise kanal

    Wise kanal

    4 күн бұрын

    КАЗАККА казыр Кобыландылардан бурын Кунанбайлар керек болып тур 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  23. Қазақы мұра

    Қазақы мұра

    4 күн бұрын

    Кыпшақтардың қырғызға қатысы жоқ ,мынаны естісе кірқыздар қыпшақтар қірқыз болған деп шыға келеді

  24. Іңкар Нәби

    Іңкар Нәби

    4 күн бұрын

    😐

  25. Алтын Маликова

    Алтын Маликова

    4 күн бұрын

    Сен каидан шыкан билгишын абаила

  26. Gulsara Dk

    Gulsara Dk

    4 күн бұрын

    атын өзгерт, мен шықтым мына сауатсыз роликтерден

  27. Sarsen Aziza

    Sarsen Aziza

    4 күн бұрын

    д.б сынба Автор сен басын сгема кире берсин не деп когасын д.б казактын ен мыкты барыго оо

  28. Аман Зейнелгабитов

    Аман Зейнелгабитов

    5 күн бұрын

    Қойсай атты бұлай қоюды

  29. Азамат Абжанов

    Азамат Абжанов

    5 күн бұрын

    Арандатушы автор

  30. Бейбитхан ХИСАМБА

    Бейбитхан ХИСАМБА

    5 күн бұрын

    Қызылбас деген Еврейлер ягни Изирайл

  31. Бейбитхан ХИСАМБА

    Бейбитхан ХИСАМБА

    5 күн бұрын

    Қобыланды батыр жырын, ертегі сияқты әсірелеп жіберген. Мен Қобыланды батыр болды дегенге сенбеймін. Ертегі сияқты

  32. Айгул Даулетьярова

    Айгул Даулетьярова

    5 күн бұрын

    Кобланды кыналы екенго

  33. Zhasulan Zhambul

    Zhasulan Zhambul

    5 күн бұрын

    Қазақтың батыры Қыпшақ Қобыланды қазаққа жау емес

  34. M Mine

    M Mine

    5 күн бұрын

    Бұлай сен қыпшақтарды бірден кінәлама!Менде қыпшақпын.Кінәлі емес шғар мүмкін бірінші біліп ал білмеу дұрыс арнасы😡😡😡

  35. Айболат Косжан

    Айболат Косжан

    5 күн бұрын

    Менің 15 Бабам Қобыланды.

  36. Абылай Жаксылыков

    Абылай Жаксылыков

    5 күн бұрын

    Жарадың

  37. zerger bei

    zerger bei

    5 күн бұрын

    Тамаша екен коп- коп рахмат !

  38. Strong Jeik

    Strong Jeik

    5 күн бұрын

    Тышпадыңба

  39. Омарбек Шаханов

    Омарбек Шаханов

    5 күн бұрын

    Бабыр ханға Делиді жаулауы үшін Қасым хан қазақтардан 20 мың әскер бермегенде, жағдай басқаша болып, Дели алынбас еді.

  40. Омарбек Шаханов

    Омарбек Шаханов

    5 күн бұрын

    Қобыланды нағыз арыстан екен. Ақжол биді өлтіргенімен, артынша қазақ хандығына көп пайдасын тигізді.

Келесі